СЫР ЕЛІНЕ НҰРТӨРЕ ЖҮСІП КЕЛДІ
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР жазушылар және журналистер Одақтарының мүшесі Нұртөре Жүсіп Сыр еліне келіп, БАҚ саласының өкілдерімен жүздесті. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен, «Ұшқыр жебе» қоғамдық қорының үйлестіруімен өткен семинар-тренингте журналист әріптестеріне «Дәстүрлі және жаңа медиа» тақырыбында дәріс оқыды.
«Расын айту керек, қазір әлеуметтік желілердің заманы, сондықтан газет-журналдардың таралымы кеміді, оқырманы азайды. Бірақ бұл бізге бұл ақпарат-құралдарының мүлдем қажеті жоқ дегенді білдірмейді. Дәстүрлі медианы жаңа заманға сай бейімдеуіміз керек. Атап айтсақ, көптеген қазақ тілді газеттер мәселені көтергенмен, оның шешілуін толық қадағаламайды. Көтерген проблемасының нәтижесіне үңілмейді. Сондықтан қоғамда бұлар айтады, жазады қояды деген пікір қалыптасты. Ал, желілерде мәселені көтересің, оның жауабын тиісті органдардан күтесің, ақпараттың әсер еткендігіне көз жеткізесің. Сондықтан, біз дәстүрлі медианы осы әлеуметтік желі сынды әсер қалдыратындай деңгейге жеткізуіміз керек. Жаңа форматын қалыптастыру қажет» - деді семинарда Н.Жүсіп.
Сондай-ақ осы шарада «Хабар24» телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Қамбар Бекенов жас журналистерге «Ақпарат алу мен оны жылдам тарату» тақырыбы жайлы кең мағлұмат айтты. Қ.Бекенов сонымен бірге телевизия саласында жұмыс істеуге ниетті жастарға осы саладағы тілшіге тиісті тіршілікті баяндады.
«Ұшқыр жебе» қоғамдық қоры