Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАСТЫ МІНДЕТ

Бес институттық реформасының негізінде қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған. 
Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үшін білікті де білімді, адал қызмет атқаратын, моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары, халыққа сапалы қызмет көрсететін мемлекеттік қызметшілерді қажет етеді. 
         Осы орайда, 2015 жылдың 29 желтоқсанында мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған Әдеп кодексі қабылданып, аймақтарда Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс жасай бастады. 
         Әдеп жөніндегі кеңестер мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтарын, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарын қараумен қатар, Мемлекеттік қызмет заңнамалары мен Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасын жүзеге асырады. 
         Осы мақсатта 2019 жылдың 6 айында Департаментпен Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мен Әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен облыстық, аудандық және ауылдық әкімдіктердің қызметшілерімен 332 кездесулер, семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізілді. 
         Шаралар барысында мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлық нормаларын кеңінен түсіндіріліп, Агенттікпен әзірленген Әдеп кодексінің қойын кітапшасы (Pocketbook) таратылды. Бұл – әдеп тұрғысындағы мәселелер туындағанда басшылыққа алынатын таптырмас құрал. Онда мемлекеттік қызметшінің қызметтік қарым-қатынаста, жұмыстан тыс уақытта қандай мінез-құлық таныту қажеттігі, әлеуметтік желіні пайдалану, БАҚ-да сөз сөйлеу, мүдделер қайшылығы кезінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігі туралы мәселелер қамтылған.
         Жалпы бұл шаралар мемлекеттік қызметшілер тарапынан тәртіптік теріс қылықтарды жасау фактілерінің азаюына септігін тигізді. Мәселен, 2019 жылдың 6 айында Қызылорда облысында 342 мемлекеттік қызметші тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін түрлі тәртіптік жазалар қолданылса, 2018 жылдың осы кезеңінде 486 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған болатын. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілердің заңбұзушылық фактілері 38 пайызға төмендеген.
         Дегенмен, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактілері 12-ден 17-ге көбейген. Оның басым көпшілігі облыстық Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған. 
         2019 жылдың 6 айында Әдеп жөніндегі кеңестің 7 отырысы өткізіліп, онда 35 мәселе қаралды. Қаралған мәселелердің 19-ы немесе 54 пайызы тәртіптік істер болса, қалғандары мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы бағытындағы мәселелер.
         Тәртіптік істерді қарау нәтижесі бойынша Кеңес шешімімен 14 қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Олардың 8-не Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін түрлі тәртіптік шараға тартылса, 6-на мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазалар қолданылды.
         Тәртіптік жазаға тартылғандардың қатарында 1 облыстық басқарма басшысы, 2 облыстық департамент, басқарма басшыларының орынбасарлары,
 5 кент, ауылдық округ әкімдері, 2 дербес бөлім басшысы және басқа да лауазымды тұлғалар бар.
         Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы 15 шілдедегі кеңейтілген Үкімет отырысында мемлекеттік органдарға халықпен тікелей және кері байланыс орнатуға, олардың сындарына, БАҚ-тар мен әлеуметтік желілердегі резонанстық жарияланымдарға жедел әрекеттер жасау керектігі баса айтылды. 
         Өз кезегінде Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде жарияланған жарияланымдарға күнделікті мониторинг жүргізілуде.             
         Мониторинг нәтижесімен 2019 жылдың І жартыжылдығында басшылық лауазымдағы 4 тұлғаның тәртіптік істері Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Бұл кеңесте қаралған барлық тәртіптік істердің  21% құрайды. 
         Мемлекеттік қызметші - бұл халық пен билік арасын байланыстырушы буын. Мемлекеттік қызметкершілердің жұмысына баға беретін халық. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші ең әуелі халыққа қызмет ететінін естен шығармауы керек. Халықпен байланыс орнатуда кәсібилікпен қатар адамгершілік қасиет ауадай қажет.
         Департамент азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу бағытындағы шараларды жалғастыратын болады.
                  
         Берікбол Байхожаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі
08 қазан 2019 ж. 602 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?