Журналистерге арналған семинар-тренинг өтті

Журналистика - қашан да ізденуді, өзіңді дамытып отыруды қажет ететін сала. Қазіргідей ақпараттық технологиялардың дамыған уақытта ақпарат берудің алуан әдісі мен жаңаша түрлері пайда болды. Сондықтан бүгінгі журналистердің хабар таратуда медиа саласын жетік меңгергені жөн. Осы орайда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, "Ұшқыр жебе" қоғамдық қорының үйлестіруімен аймақта бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті.
Семинарға республикалық "Айқын" газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараев қатысып, сыр журналистеріне "Жаңа медиа және сараптама" тақырыбында кең мағлұмат берді. Н.Байғараев семинарда Сыр журналистеріне медиа саласының қазіргі жағдайын, әлемдегі және біздің еліміздегі көрінісін жан-жақты баяндады. Сонымен қатар, жарнама нарығы жайлы да әңгіме өрбітіп, әлемдік ақпарат құралдарының да тәжірибесін тілге тиек етті.
Осы жиында Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы, баспа ісінің магистрі Аягөз Әбдразақова жас журналистерге «Сөз қолдану және жазу мәдениеті, оған қойылатын талаптар» жайында кеңінен әңгімеледі.
- «Сөз мәдениеті» дегенді «сөйлеу мәдениеті», «тіл мәдениеті» деп түсіну керек. Сөз - тілдің қолданыстағы көрінісі болса, «тіл мәдениеті» тілдің жеке элементтерін, тұлға-тәсілдерін, оның тәжірибе елегінен өтіп қалыптасқан, қоғам тарапынан қабылданған заңдылықтарына сәйкес дұрыс пайдалану туралы білім саласы. «Сөз мәдениеті» - тілдің фонетиканың нормаларын бұлжытпай сақтау ғана емес, айтайын деген ойымызды тыңдаушыға жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп-тегіс жұмыр келген», әсерлі ұғымды дәл жеткізу жайын қамтиды» - деді А.Әбдіразақова.
Семинар-тренингте лекторлар журналистерге қазіргі ақпарат құралдарындағы сараптама жайында да кең мағлұмат берді. Жиын соңы сұрақ-жауапқа ұласып, қатысушылар өз ойларын ортаға салды.