ҚАЛА ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ ҰСТАЗДАР ҚАУЫМЫН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.
Бүгін, А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Ұстаздар мерекесіне орай «ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.
Салтанатты шара барысында қала әкімі Н.Нәлібаев барлық ұстаздар қауымын және сала ардагерлерін мерекелерімен құттықтап, қала бойынша білім саласындағы жетістіктерге кеңінен тоқталды.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен бастап, мемлекет тарапынан ұстаздар қауымының әлеуметтік жағдайын, біліктілігін арттыру және жан-жақты жағдай жасау мақсатында түрлі шаралар қабылданып келеді.
Ел ертеңіне егелік етіп, болашақтың тізгінін қолға алған жас ұрпақтың сұранысы мен қажеттілігін қанағаттандыру - бізге парыз. Осы мақсатта, жыл сайын қала бюджетінің 40 пайызы білім саласына бағытталып келеді.
Жыл сайын жаңа білім ошақтары мен балабақшалар пайдалануға беріліп, материалдық - техникалық базалары жаңартылуда және мектептер күрделі жөндеуден өткізілуде.
Бүгінгі күні Қала бойынша 54 мектепте 6 200-ге жуық педогог қызмет етсе, оның ішінде 924 ұстаз жоғары санатты, 1 мың 53 ұстаз бірінші санатты.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін 97 % педагогтың жалақысы 30 % артты.
2019 жылдың 1 маусымынан бастап 6 337 педагогтың және 2 123 техникалық қызметкердің айлық жалақысы 30 пайызға артты.
Қала әкімінің қолдауымен биылғы жаңа оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларынан шыққан 6000-нан аса баланы ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, 7000 ға жуық бала қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігіне ие болды.
Салтанатты шарада, бірқатар ұстаздар ҚР Білім және ғылым министірінің Құрмет грамотасы, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталса, қала әкімі білім саласында еңбегімен еленген 10 мұғалімді 150 мың теңге сыйақы және Алғыс хаттармен марапаттады.