Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДАДА 220 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА 220 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Қызылордада қала күніне орай бірнеше нысан пайдалануға берілді.Жаңа нысандардың ашылуына облыс әкімі қатысып, қала тұрғындарын құттықтады. Олар 320 орынға арналған «Ханшайым ана» балабақшасымен, жалпы саны 220 пәтерді құрайтын сол жағалауындағы жаңа қалада орналасқан 4 көпқабатты тұрғын үй.Тыл және ауған соғысының ардагері мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған жастар және 2- топ мүгедектеріне пәтер кілті табысталды. Соңғы жылдары қаламызда 15 жаңа шағын аудан бой көтеріп, 7 мыңнан астам қызылордалық баспаналы болды. Сонымен қатар, осы жылы тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Баламекен» жобасы аясында Болат Өтемұратовтың жеке қорының демеушілік қолдауымен 100 отбасы тұрғын үймен қамтылғанын білесіздер.
Сондай-ақ, бүгінде Сырдарияның сол жағалауында 50 пәтерлік 25 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен есепті мерзімде жалпы ауданы 179 мың 868 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге артқан.
Дәл осы күні пайдалануға берілген жаңа балабақша мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында бой көтерген. 3 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 6640 шаршы метр. Құны 874,6 млн теңге. Заманауи үлгіде салынған балабақша 16 топқа арналған, әр топта 20 баладан тәрбиеленеді. Аймақ басшысы өз сөзінде «Өскелең ұрпаққа салынған инвестиция -болашағымыздың жарқын болуының кепілі».Бұл мақсатта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы үлкен рөл атқаруда. Қазіргі таңда облыстағы жекеменшік балабақшалардың үлесі 72 пайызды құрайтындығын атап өтті. 
Қызылорда облысының әкімдігі
02 қазан 2019 ж. 1 346 0

Күнтізбе

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?