Қала аумағындағы санитарлық тазалық, және жеке секторларда жиналған құрылыс қалдықтарын жою жұмыстары
Қала аумағындағы санитарлық тазалық, және жеке секторларда жиналған құрылыс қалдықтарын жою және қалпына келтіру, кәсіпкерлік нысандарда және қала көшелерінде бей-берекет орналастырылған жарнама объектілері бойынша бір қатар жұмыстар жүргізілуде.
Нақтырақ, 6 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында жергілікті полиция органдарымен бірлесіп қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп, көше бойына құрылыс қалдықтары мен құрылыс материалдарын төккен 284 тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505 бабының 1 бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, 304 тұлғаға ескертпе берілді, оның ішінде 80 тұлғасы дер кезінде қалпына келтіру жұмыстарын орындаған.
Сонымен қатар, қала аумағында бей-берекет 650 заңсыз орналасқан жарнама объектілері алынып, кәсіпкерлік нысандарға, жеке тұрғын үйлерге өздерінің меншігіндегі ғимараттарды, дүкендерді лайықты жағдайда күтіп-ұстау, сыртқы келбеттерін сырлау, жөндеу, көркейту және абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі жөнінде түсіндіріме жұмыстары жүргізілді.