Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Қызылордада 1500-ге жуық адам қатысқан жүгіру марафоны өтті (видео)

28 қыркүйек күні Қызылордада қала күні аясында жүлде қоры 500 000 теңгені құрайтын марафон өтті  

Жарыс жолы 5,5 шақырым қашықтықты құрайтын "Салауатты-Қызылорда" марафоны 1500-дей спорт сүйер қауымды қамтыды.
Желаяқтар жарысында қала тұрғындарынан бөлек, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарының әуесқой спортшылары арнайы келіп, спорт­тық шарада өз бақтарын сынады.
Межелеген қашықтықты бағындыруда 18 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар және 18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер арасында 4 топта жарысты. Жарыс Сұлу Сырдың символына айналған "Сыр-Ана" монументінен бастау алып, "Евразия" мәдени спорт кешенінен аяқталды.
Салауатты өмірді ұстанған марафон жеңімпаздарын қала әкімінің орынбасары Мира Қазбекова жеңістерімен құттықтап, дипломдар мен қаржылай сыйақылар табыстады.


30 қыркүйек 2019 ж. 726 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?