VІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ 47 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

VІ шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезекті
47 сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіне ұсынылған 4 мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен отырысында алдын-ала талқыланды. Қалалық мәслихаттың кезекті ХХХХVІІ сессиясына депутат Ысқақов Бақдәулет Құлбекұлы төрағалық етті.
Сессия жұмысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы мен қызметкерлері, қаланың бірқатар басқару органдары және күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты қалалық бөлімдер мен мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының орындалу барысы туралы» мәселесі бойынша Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Нұриддинов Бектас Балғабайұлы баяндама жасады. Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға жауаптар берілді.
Туризм саласы бойынша сессия қарауына ұсыныс-пікірлер әзірлеу үшін жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысы бойынша №14 «Шұғыла» сайлау округінен сайланған депутат Бихожаева Сәрсенкүл Бәйдешқызы қосымша хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласында жер саласындағы заңдылықтардың сақталу барысы мен алдағы жоспарлары туралы» мәселесі бойынша «Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Төлегенов Жақсылық Есенәліұлы хабарлама жасап, қаладағы жер саласы мәселелері туралы ақпараттар берді.
Күн тәртібіндегі үшінші «Қызылжарма ауылдық округі әкімінің атқарған жұмыстары туралы есебі» мәселесі бойынша Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Оспанов Бауыржан Әліпбайұлы депутаттық корпус алдында Қызылжарма ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер бойынша тиісті баяндамасын жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, тиісті шешім қабылданды.
Сессия соңында Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасына № 5 «Әл-Фараби» сайлау округінен сайланған депутат Абдуқалықов Муса Жақыпұлы сайланды.
Қызылорда қалалық мәслихаты