«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының» алдын алу
«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының» алдын алу мақсатында және табиғи ошақтарында 2019 жылы күзгі эпидмаусымдық жұмыстарын ұйымдастыру туралы көшпелі семинар өткізілді. «Конго - Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының» алдын алу мақсатында Қызылорда қаласында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі мен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы, облыстық ветеринария басқармасы, Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалы, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасынының мамандары, кент және ауылдық округтердің әкімдерінің қатысуымен көшпелі семинар ұйымдастырылды.
Көшпелі семинарда мердігер «Дезо-сервис» ЖШС мекемесі 2019 жылдың күзгі маусымдық залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге бекітілген кестеге сәйкес, 1-кезең қыркүйек айының 16 мен 29 аралығында, 2-кезең 25 қыркүйектен 8 қазан аралығында кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын қала бойынша кенеден қолайсыз болып анықталған 10 елді мекендерде жүргізіледі. Қызылорда қаласы, кенттер мен ауылдық округтердегі әкімдіктердегі жауапты мамандар мен ветеринариялық пункттердің ветеринар мамандарымен бірлесіп, өздеріне қарасты жеке және шаруа қожалықтардағы малдарына, мал қоралары мен суат, шаңлақтарда кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізеді.