ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Туризмді дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті.
Осы жұмыстарды қаламызда жүргізу бойынша қалалық мәслихат тарапынанда тиісті жұмыстар жасалуда. Соның бір бөлігі ретінде Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясында «Қызылорда қаласында туристік саланы дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының орындалуы» мәселесін қарау жоспарлануда.
Осыған орай, Қызылорда қаласында туризмді дамыту мәселеcін жан-жақты зерделеп, ұсыныстар жинақтау мақсатында қалалық мәслихат депутаттарынан құрылған уақытша комиссия сессияға дейін алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізуде. Дөңгелек үстелдің мақсаты қалада туризмді дамыту мәселесін талқылап, сессия қарауына ұсыныстар жинақтау болды.
Отырысқа қалалық мәслихаттың депутаттары, күн тәртібіндегі мәселеге қатысты сала басшылары, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, қалалық бірқатар мекеме басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық туристік ассоциациясы, “Рухани жаңғыру” орталығы, «облыстық тарихи-және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» мекемесі және қолөнер шеберлері ассоциациясының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы Боханова Роза Аяғанқызы ашып, жүргізді.
Отырыс барысында «Қызылорда қаласында туристік саланы дамыту мәселелері туралы» мәселесі бойынша хабарламаны қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы жасады.
Көтерілген мәселе төңірегінде пікір-таластар жүргізіліп, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішов, «Рухани жаңғыру» орталығы директорының міндетін атқарушы Жақыпова Әлима Жақыпқызы, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы, қалалық мәслихат депутаты Бихожаева Сәрсенкүл Бәйдешқызы, «Қарлығаш» шеберлер орталығының төрайымы Ілиясова Қарлығаш Серікбайқызы, «OY BRAND» қоғамдық қорының құрылтайшысы, президенті Оразмаханов Жандос Шынжырбайұлының ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Айтылған ұсыныс - пікірлер қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына шығарылатын болады.
Қызылорда қалалық мәслихаты