ҚЫЗЫЛОРДАДА «АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА» КТА ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
ҚЫЗЫЛОРДАДА … «АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА» КТА ФЕСТИВАЛІ
11 қыркүйек күні Қызылорда қаласындағы «Достық үйі» думанды кештің төріне айналды.
«АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ» КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР АЛАҢЫНЫҢ республикалық фестивалі Елбасының Жарлығымен жарияланған «ЖАСТАР ЖЫЛЫ» аясында және «ҚАЛА КҮНІ» мерекесінің ашылу салтанаты ретінде ұйымдастырылды.
Фестивалде республиканың ең үздік 11 командасы: «24 сағат», «ҚазИИТУ» Орал қаласы, Қарағанды облысы «Қарағанды құрамасы», Жамбыл облысы «Шу-чу», «Тараз-2000», «Арыс» Түркістан облысы, «Ауылдар құрамасы» Алматы қаласы, «Арал-АС» Арал ауданы, «Қармақшы құрамасы» Қармақшы ауданы, «Қорқыт Жастары» Қызылорда қаласы, «Қорқыт» құрамасы өнер көрсетіп, әзілдерімен қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Қазылар алқасының құрамына Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, Қазақстанның эстрада жұлдыздары Дастан Оразбеков, Нұржан Керменбаев, белгілі әзілкеш Қанат Әлжаппаров және қалалық мәслихат депутаты Жасұлан Жарасбаев ойынға төрелік етті.
Эстрада жұлдыздары Дастан Оразбеков пен Нұржан Керменбаев кештің көркін әсем әндермен қыздырды.
Шара қорытындысымен үшінші орынды (300 мың тг) Орал қаласының "ҚазИИТУ" командасы жеңіп алса, екінші орын (500 мың тг) "Тараз-2000", қала әкімінің бас кубогін 1 миллион қаржылай сыйақыны Арал қаласынан келген"Арал - АС" командасы жеңіп алды.
Фестивальдің "Үздік ойыншысы" атағын Қарағанды құрамасының мүшесі Заңғар Аманғалиұлы иемденіп, командалардың барлығы Қала әкімі Н. Нәлібаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.
Сондай-ақ, "Сыр жастары" әнінің авторы Жарылқасын Оразғұлов жастар жылына арналып өткізілген аймақтық ән конкурсының жеңімпазы атанып, 500 мың теңгелік сертификатты жеңіп алды. Бұл ән Сыр жастарының әнұранына айналары сөзсіз.
15 мыңға жуық халық жиналған осындай ірі шараны ұйымдастырғаны үшін қала әкіміне Тұрсынбек Қабатов арнайы алғысын білдірді.