Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Жолдаудың әлеуеті жоғары, міндеттеген жүгі ауыр

Жолдаудың әлеуеті жоғары, міндеттеген жүгі ауыр

Жолдау  — стратегиялық маңызды құжаттардың бірі. Бұл – Мемлекет басшысының мемлекетті әлеуметтік, саяси, экономикалық дамыту бойынша ұлтқа да, мемлекеттік аппаратқа да, қоғамға да өз көзқарасын айту мүмкіндігі. Бұл мүмкіндікті Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сәтті жүзеге асырып, «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ең алғашқы Жолдауын жариялады. 

Жолдауда елдегі ең өзекті мәселелердің бәрі қамтылды. Ол мәселелерді атап көрсетіп қана қоймай, оның шешілу жолдары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Парламентіне нақты тапсырмалар, айқын міндеттер қойды.  Бес тараудан тұратын осы міндеттер, еліміздің бұған дейінгі жетістіктері мен табыстарын еселейтін, қажеттіліктер мен негізгі сұраныстарды қанағаттандыратын негізі бағдарламалық құжат болып қалыптасқан. 

Бүгінде Қазақстан даму жолын күллі әлем мойындаған елге айналып отыр. Тәуелсіздік алған осы 30 жылға жуық уақыттың ішінде әлем елдері Қазақстан даму жолы немесе Назарбаевтың моделі деп таныған елімізде бейбітшілік пен келісім орталығына айналып, халқымыздың хал-ахуалы жақсарды. Ендігі кезекте осындай бейбітшілік пен ел тыныштығын сақтап, дамудың жаңа кезеңдерін жүзеге асыруды басты арқау етіп алған Президент Жолдауындағы көп мәселелердің ішінен халықты әлеуметтік қолдау тетіктерін ерекше атап өтуге болады.

 Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында барлық салаға байланысты, әсіресе білім, мәдениет, экология салаларына қатысты нақты тапсырмалар берді.  «Мемлекет басшысы экономиканың қай саласынан қаражатты үнемдеуге болатынын да атап өтті. Яғни, ол аспаннан түсетін қаржы емес – тек үнемдеу, мемлекеттік сатып алу заңын жетілдіру арқылы келетін қаржы. Соған байланысты Парламентке көптеген заңдарды әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар беріліп отыр.

Шағын бизнесті қолдау бойынша нақты тапсырмалар берілді. Мәселен, шағын бизнес өкілдерінен үш жылға дейін табыс салығын ұстамау туралы айтылды. Бұл бизнестің жолы ашылды деген сөз.

Бүгінгі Қазақстанда, осы саланың жан жақты өркендеуіне барлық мүмкіндіктер мен қолайлы климат жасалған. 

Мұның дәлелі ретінде, Мемлекет басшысының Үкіметке «Бизнестің жаңа жол картасы» аясында осы мақсатқа сәйкес алдағы үш жыл ішінде қосымша 250 миллиард теңге бөлуді тапсырды.

Осындай ауқымды қолдаулардың арқасында біздің аймағымызда да өз кәсібін дөңгелетіп, табысын жақсартқан азаматтардың қатары көбейеді деуге болады. Жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерліктің кеңейю аясы ұлғаяды деп сенеміз.

Саяси реформаларды кезең-кезеңімен сәтті жүргізу үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру керектігі айтылды. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату алдағы уақытта атқаратын жұмыстың басым бағытына айналатын болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу аса маңызды. 

Жолдауда айтылған зейнетақы жүйесіне байланысты әрбір азаматтың қызмет атқара жүріп, өзінің зейнетақы қорынан тұрғын үй және білім алуға қажетті қаражатты жұмсауға мүмкіндік берілетіндігі тың жаңалықтардың бірі.

Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетуді жалғастыру мақсатында мектепке дейінгі балалар тұрақты көмек, барлық оқушылар үшін тегін ыстық тамақ, оларды оқу қажеттіліктерімен қамтамасыз ету, медициналық және стамотологиялық қызметте көмек беру, қоғамдық орында шығынын қысқартуды Мемлекет басшысы Жолдауында көрсете отырып, Үкіметке «бұл шаралар 2020 жылдың
 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс» деген тапсырмасын қоса берді. Бұл теңдесі жоқ жоба деп толық сеніммен айтуға болады.

Осындай басым бағыттар мен нақты тапсырмалар берілген Жолдау халықтың ойынан шығып, еліміздің дамуына жаңаша серпін берері сөзсіз. Сөздің түйіні – ендігі жерде Мемлекет басшысының саясатын ел мүддесіне сай жүзеге асырып, өнімді еңбек ету, өз мүмкіндігімізді толық пайдаланып, Қызылорда қаласын айшықты ордаға, озық өндірістің ошағына, жаңа дәуірдің салтанаты жарасқан қаласы ету Сіз бен біздің міндетіміз болып қала бермек.

Алдағы уақытта да Мемлекет басшысының халық үшін қолға алған барлық бастамалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған салмақты саясатын Қызылорда қалалық мәслихатының депутаттық корпусы қолдап, атқарушы билік, қоғамдық ұйымдармен бірлесе табысты үлес қоса беретін болады.


Боханова Роза Аяғанқызы

Қалалық мәслихат хатшысы

16 қыркүйек 2019 ж. 1 203 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?