Шағын бизнесті қолдау Жолдаудың маңызды бөлігі
Шағын бизнесті қолдау Жолдаудың маңызды бөлігі
Бизнес өкілдері Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ең алғашқы Қазақстан халқына Жолдауын өте жағымды жаңалықпен қарсы алды.
Жолдауда шағын бизнесті қолдау бойынша нақты тапсырмалар берілді. Мәселен, шағын бизнес өкілдерінен үш жылға дейін табыс салығы ұсталмайтыны туралы айтылып, Үкіметке заңды негіз құруды тапсырды. Тиісті нормативтік өзгерістер 2020 жылдан күшіне енеді деп күтілуде.
Сонымен қатар, келесі жылы қаңтар айынан бастап микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға тыйым салу туралы шешім қабылдау туралы Мемлекет басшысы айтты. Жолдауда айтылған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына қосымша бөлінетін 250 млрд теңге, мемлекеттік сатып алудағы ашықтықты талап ету, экономиканы әртараптандыруға қатысты мәселелер кәсіпкерлердің көкейінде жүрген жағдайлар болатын.
Мұның барлығы кәсіпкерлер үшін құптарлық жайттар. Бұл шешімдердің нәтижесімен жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерліктің аясы кеңейіп, өз елімізде өндірілетін өнімдер саны артады деген сөз.
Өңіріміздің кәсіпкерлері де Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша қолдау білдіріп, ел экономикасының дамуына өз үлестерін аянбай қосады дегім келеді.
Абдухалықов Мұса Жақыпұлы
кәсіпкер, «Астана Сервис ЛТД» ЖШС директоры
қалалық мәслихат депутаты