Біз үшін басты ұстаным – АШЫҚТЫҚ!
✅Қала әкімдігі ғимаратының екінші бөлігін тиімді пайдалану арқылы «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобасы аясында фронт-офис ашылды.
✅Аймағымызда алғаш болып қалаға қарасты Тасбөгет кенті, Ақсуат ауылдық округі «ОПЕН СПЕЙС» жобасын қолға алса, бүгінде осы жобаны Қарауылтөбе ауылдық округі жүзеге асыруда.
✅Қала әкімдігіндегі халықтың көп сұранысына ие - жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, құрылыс, ауыл шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы орналасқан ғимарат «бір терезе» қағидасы бойынша ашықтықпен жұмыс жасауда.
✅Осыдан екі жыл бұрын еліміздегі алғашқылардың бірі болып қала әкімдігінің ғимаратында орналасқан «Құқық қорғау қызметтері орталығы» өз жұмысын бастаған болатын.
-------
«СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауына байланысты қалалық идеологиялық актив отырысынан