"ДАЛА КҮНІ-2019": ҚЫЗЫЛОРДАДА ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ ТҮСТІ

Бүгін Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінде орналасқан егіс алқабында дәстүрлі "Дала күні-2019" егінге алғашқы орақ түсу науқаны бастау алды.
Бұл - халықтың несібесін арттырып, қамбамызды қазынаға толтырар, береке мен молшылықтың мерекесі!
Ауыл шаруашылығы саласы аймақ экономикасын дамытудың басым-бағыттарының бірі ретінде белгіленсе, осы жолда қызылордалықтар агробизнесті және агроөнеркәсіп кешенін дамытуда орасан зор үлес қосып, көш бастап келеді.
Егінге алғашқы орақ түсу рәсіміне қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы келіп, диқандар қауымын құттықтап, күзгі өнім жинау жұмыстарына сәттілік тіледі.
Үстіміздегі жылдың өзінде диқандарымыз 8 421 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыруды қамтамасыз етті. Оның ішінде негізгі дақыл күріштің көлемі 4 011 га құрайды.
Қала диқандарының ала жаздайғы еңбегінің арқасында егін осы жылы да бітік шықты.
Егін жинау жұмыстарына барлығы 795 тонна дизель отыны, 159 тонна автобензин, 48 тонна қою май қажетті көлемде қамтамасыз етіліп отыр.
Бұл – қол жеткен жетістіктер мен табыстар диқандар қауымының ынтымағы мен бірлігінің және еңбек даласында аянбай тер төккен еселі еңбегі мен қажырлы қызметінің жемісі екені сөзсіз.