ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

6 қыркүйек күні қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен Қызылорда қаласының актив жиынында Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы жолдауының басым бағыттары сараланды.
Жиынды шаһар басшысы Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы ашып, жүргізіп отырды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған бұл Жолдауы қоғамдағы тұрақтылық пен сенім, ел экономикасының қарқынын одан әрі күшейтуге, халықтың тұрмысын жақсартуға негіз болатын, межеленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін нақты міндеттерді айқындап берді.
Бес тараудан тұратын міндеттер, еліміздің бұған дейінгі жетістіктері мен табыстарын еселейтін, қажеттіліктер мен негізгі сұраныстарды қанағаттандыратын негізгі бағдарламалық құжат.
Идеологиялық актив барысында қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Қызылорданың қарқынды дамуы және қолдауды қажет ететін салалар туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық мәслихатындағы депутаттық фракция жетекшісі, мемлекет және қоғам қайраткері, Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда агро-техникалық жоғарғы колледждің директоры, философия ғылымдарының кандидаты Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Кеңес Одағының қаржы саласының үздігі, «Парасат» орденінің иегері Әжібеков Қалқазбек Әжібекұлы, бірнеше республикалық, халықаралық айтыстардың иегері, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері, Сыр сүлейлерінің заңды жалғасы Мұхтар Ниязов, қалалық мәслихат депутаты, №23 мектеп-лицейінің директоры Қожаниязова Ләйлә Ақбергенқызы, «Самғау» жастар сыйлығының иегері, «Бизнес старт» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының басшысы Жандос Оразмаханов сөз алып, Жолдаудың бағыттары талқыланып, алдағы жоспарлар сараланды.