Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІ Н.НӘЛІБАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

ҚАЛА ӘКІМІ Н.НӘЛІБАЕВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
29 тамыз күні қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, қала әкімдігі жанындағы «Құқық қорғау қызметтері орталығында» қоғамдық қабылдауын өткізді. Күнделікті жеке қабылдаулардан бөлек әр айдың соңғы бейсенбісінде өтетін қабылдауда бүгінде азаматтардың мұң-мұқтажы тыңдалып, тиісті шаралар қабылданды.
Нұрлыбек Машбекұлы, әр мәселемен жеке тыңдап, танысып, сала басшыларына тапсырып, жіті өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.
Тұрғындарды алаңдатып жүрген мәселелердің басым көпшілігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жер, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру сияқты ауқымды сұрақтарды қамтыды.
Бүгінгі қабылдау барысында, тұрғындар тарапынан түскен өтініштер мен ұсыныс-пікірлер толық зерделеніп, нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады.
Көтерілген барлық мәселе қала әкімінің тікелей бақылауында.
30 тамыз 2019 ж. 590 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?