29 ТАМЫЗ – СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛҒАН КҮНІ

Осыдан 28 жыл бұрын дәл осы күні Семей полигоны жабылған күні.
Тәуелсіз Қазақстан әлемде бірінші болып ядролық қарудан бас тартқан ел. 1991 жылдың 29 тамызында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигонының жабылуы Қазақстан халқы үшін теңдесі жоқ қуаныш болды.
Тарихи маңызды бұл күнді ұлықтау - Жас ұрпаққа парыз!
Осы мақсатта, бүгін Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тағзым» алаңы, «Ауған, Невада-Семей, Чернобыль құрбандарына арналған ескерткіш» маңында «29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні» мерекесіне орай митингі өтті.
Шара барысында облыстық ардегерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы және қала әкімінің орынбасары Қазбекова Мира Жомартқызы қатысып, өңіріміздегі Семей полигонын залалсыздандыруға атсалысқан ардагерлерді Қала әкімінің «Құрмет» грамотасы және алғыс хатымен марапаттады.
Ізгі қоғам, жарқын болашақ үшін жасампаз қадам жасап Семей полигонын залалсыздандыруға қатысқан азаматтардың рухына арнап, 1 минут үнсіздік жарияланып, құран бағышталды және гүл шоқтары қойылды.
СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУҒА ҚАТЫСҚАН АЗАМАТТАРДЫҢ РУХЫ АЛДЫНДА БҮГІНГІ ҰРПАҚТАРЫ БАС ИЕДІ.