Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҰЛАҒАТТЫ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

23 тамыз күні қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ұстаздар қауымымен тамыз мәслихаты конференциясының жұмысын қорытындылады.
Қызылорда қаласында ұйымдастырылған тамыз конференциясы қала ұстаздары үшін тосын сыйға толы болды.
Себебі, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев тамыз конференциясы аясында 2 мұғалімге "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 3 бөлмелі пәтер кілтін, 10 мұғалімге 150 мың теңгеден сыйақы табыстады.Мұнан бөлек, білім саласының ардагері, қаладағы бірнеше оқу орындарын абыроймен басқарып, биік деңгейге көтерген ұлағатты ұстаз, белгілі педагог Иса Амангелді Жолмырзаұлы "Қызылорда қаласының Құрметті Азаматы" атағына ие болды.Сонымен бірге, бірқатар мұғалімдер ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың және қала әкімі Н.Нәлібаевтың алғыс хаттарымен марапатталды.
Жас ұрпаққа білім нәрін сіңірген ұстаздар еңбегін бағамдап, алдағы міндеттер мен жетістіктерді сараптап, жаңа оқу жылын тың серпіліспен бастауға бағыт беретін маңызды зияткерлік басқосу болды."Білім және Ғылым" тақырыбында өткен пленарлық мәжіліске Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген қонақтар ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мұрат Бахтиярұлы, Еламанов Бекмырза Қайыпұлы, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі, қосымша білім беру департаментінің директоры Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы, "Ақпараттық талдау орталығы" АҚ президентінің орынбасары, білімді басқару магистрі Аманғазы Мағжан Заңғарұлы қатысты.
Мұнан бөлек, мәжіліске ұзақ жылдар білім саласында қызмет жасаған ардагер ұстаздар, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық дербес бөлімдердің басшылары, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері және ұстаздар қауымы қатысты.
Кеңестің алғы сөзін алған саяси ғылымдарының докторы, профессор, облыс әкімінің орынбасары ретінде аймағымыздың идеология, білім саласына жетекшілік етіп көп еңбек сіңірген, бүгінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлына білім саласының қызметкерлерін келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
Қаламыздың "Құрметті Азаматы", "Құрмет" орденінің иегері, педагогика ғылымдарының кандидаты, бірнеше жыл бойы облыстың, қаланың білім саласын абыроймен басқарған, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі, Қосымша білім беру департаментінің директоры Жаңыл Алпамысқызы білім саласының цифрландырылуы туралы баяндама жасап, пікір алмасты.
Сонымен қатар, "Ақпараттық талдау орталығы" АҚ президентінің орынбасары, білімді басқару магистрі Мағжан Заңғарұлы да білім беру саласының сапасы мен халықаралық стандарттар туралы толық тоқталып өтті.
Өз кезегінде, Қызылорда қаласының бас ұстазы, қалалық білім бөлімінің басшысы Әбдіқалықова Меруерт Наушақызы 2018-2019 оқу жылында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылындағы алға қойылған міндеттер туралы баяндама жасады.
 Тамыз конференциясының күн тәртібіндегі қаламыздың білім саласы бойынша көтерілген мәселелерді саралай келе, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалалық білім бөлімі мен оған қарасты білім беру ұйымдарының басшыларына:
1. Мектеп пен балабақшалардағы білім сапасын және кадрлық біліктілік талаптарын көтеруге кешенді жоспар әзірлеуге;
2. Әрбір білім беру ұйымдарында «Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын іске асыру мақсатында отбасылық тәрбие институтын ашуға;
3. Кәсіпкерлік бойынша сапалы курстар жүргізу үшін «Атамекен» палатасымен бірлесіп, салааралық жоспарды дайындауға;
4. Мектептердің жобалық қуаты, орын тапшылығы, кешенді жөндеу жұмыстарына талдаулар жүргізіліп, нақты ұсыныстар дайындауға;
5. Білім беру ұйымдарында тұрмысы төмен, қолдауды қажет ететін отбасы балалары үшін барлық жағдай жасауға;
6. Әрбір білім беру ұйымының жеке әлеуметтік желідегі парақшаларын ашуды және жұмысын жандандыруды тапсырды.
 #ҚызылордаҚаласы #ТамызКонференциясы #ҚызылордақаласыныңҚұрметтіАзаматы #ТосынСыйғаТолыТамызМәжілісі
26 тамыз 2019 ж. 1 674 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?