Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«OPEN QYZYLORDA» ЖОБАСЫ ҚАРАУЫЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕН БАСТАУ АЛДЫ

«OPEN QYZYLORDA» ЖОБАСЫ ҚАРАУЫЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕН БАСТАУ АЛДЫ.
 Қала әкімінің тапсырмасымен бастау алған «Ашық Қызылорда» жобасының мақсаты халық пен билік арасында тығыз байланыс орнату.
 Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аталған жоба аясында Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындарын қабылдады.
 Ең алдымен қала әкімі ауылдық округіндегі орташа жөндеуден өткен, ұзындығы 1,6 шақырым болатын Сары Байсейтов көшесін ашты.
 Сонымен қатар, шаһар басшысы «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ-ның демеушілігімен Қарауылтөбе ауылдық округіндегі А.Иманов көшесінің бойында орналасқан барлығы 104 тұрғын үйлерге тартылған газ құбырларымен танысты. Ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін аталған көшедегі тұрғын үйлер толығымен көгілдір отынмен қамтамасыз етілетін болатындығын жеткізді.
 «Ашық Қызылорда» жобасы аясында Қарауылтөбеге арнайы келген қала әкіміне тұрғындар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріліп, алғыстарын айтты.

24 шілде 2019 ж. 1 089 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?