Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

САЛЫҚТЫ МЕРЗІМДІ ТӨЛЕУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ!

САЛЫҚТЫ МЕРЗІМДІ ТӨЛЕУДІ ҰМЫТПАҢЫЗ!
 Бүгін қала әкімдігі, кірістер басқармасы, жергілікті полиция қызметі және бұқаралық ақпарат өкілдерінің қатысуымен автокөлік иелеріне КӨЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУ бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 --------------------------------------
 КӨЛІК САЛЫҒЫНАН КІМДЕР БОСАТЫЛАДЫ:
 • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар;
 • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар;
 • Сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
 • Кеңес Одағының батырлары;
 • Социалистік Еңбек Ерлері, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталған адамдар;
 • "Батыр Ана" атағына ие болған немесе "Алтын алқа" немесе "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
 • Мүмкіндігі шектеулі жандар.
 • Көлік салығы бойынша жеңілдігі бар тұлғалар бір көлік құралы бойынша ғана төлеушілер болып табылмайды (қозғалтқышының көлемі 4 000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты уәкілетті мемлекеттік органда 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралының меншік иесінің ауысуына байланысты тіркеу әрекеттері жүргізілген жеңіл автомобильден басқа).
24 шілде 2019 ж. 842 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?