Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ХАБАРЛАНДЫРУ!

"Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы  аясында  «Тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға кредит беру» (Бақытты отбасы бағдарламасы)  бағыты бойынша 2019 жылдың 22-26 шілдесі  аралығында    үміткерлерден   құжат қабылдау жүргізіледі.Бағдарламаға:

көп балалы отбасы;

толық емес отбасы;

мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы қатыса алады.

Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;

3) ағымдағы қаржы жылына отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына заңнамада белгіленген 1 (бір) ең төменгі айлық жалақы көрсеткішінен аспайтын, соңғы 6 (алты) айдағы орташа табысының болуы (балалы бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды есепке алмағанда);

4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);

5) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;

6) төлем қабілеттілігін растау;

7) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтың мәртебесі мен тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою санаты көрсетілген  ЖАО-ның растауы.

Үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) Бағдарламаға қатысуға  білдірген өтініші (бұдан әрі – өтініш);

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) өтініш берушінің  және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

4) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;

5) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;

6) соңғы 6 айдағы  табысы  туралы анықтама

7) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;

8) Жоғарыда айқындалған санаттардың біріне  өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар (көп балалы отбасы, толық емесе отбасы, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы).

ҚТҚЖБ шотында қарыз сомасының 10 %-ынан кем емес мөлшерде бастапқы жарна болған жағдайда, ҚТҚЖБ 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй қарыздарын береді.

Кредит беру талаптары:

қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы  және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үйді сатып алу кезінде ең жоғарғы қарыз сомасы – 15 млн.теңгеден аспайды, өзге өңірлерде – 10 млн. теңгеден аспайды;

кепілдікті қамтамасыз ету – сатып алынатын тұрғын үй немесе ҚТҚЖБ-ның тиісті талаптарына сай келетін өзге мүлік.

Үміткерлерден өтініштер мен құжаттар  қабылдау орны: М.Шоқай  көшесі,147 үйі, №1, 2 терезелер, сағ. 9-00-18-00- ге дейін, байл. тел. 24-80-97, 24-80-61, «Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары  және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» КММ
20 шілде 2019 ж. 1 314 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?