Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛАДАҒЫ БІРҚАТАР БІЛІМ ОРДАЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес қала әкімінің орынбасары Мира Жомартқызы жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысу үшін бірқатар мектептерді аралады.
Аралау барысында білім ордаларындағы бастауыш кластардың дайындығы, асханалардағы санитарлық нормалардың сақталуы тексерілді. Сонымен қатар, мектеп жанындағы иесіз қалған ғимарттарды бұзу жөнінде тапсырма берілді.
Білім сапасы мен мектептердегі тазалық мәселелеріне басымдылық берілді.
Жалпы биылғы оқу жылын қаламыздағы мектептер 64 мыңға жуық оқушылармен бастамақ. Оның ішінде 9500-ге жуық бүлдіршін білім ордасының табалдырын алғашқы рет аттайды. 
Осы ретте, жыл аяғына дейін Жаппасбай батыр көшесінің бойынан салынып жатқан 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен бірге, білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын шешу мақсатында №198 орта мектебі жанынан 200 орындық қосымша ғимарат, №261 орта мектеп жанынан қосымша 150 орындық ғимарат салынуда.
20 шілде 2019 ж. 1 044 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?