ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда қалалық мәслихатының сессиясында қаралып, сессия қорытындысымен қабылданған шешімдердің орындалуы мәслихат депутаттарының тұрақты назарында.
2017 жылдың 28 наурызында қалалық мәслихаттың ХІІ кезекті сессиясында «Қызылорда қаласында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы» мәселе қаралған болатын.
Осыған сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурызда №74-12/1 шешімі қабылданды. Осы шешімнің орындалу барысы туралы қалалық мәслихаттың құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіне енгізіліп, қаралды.Аталған мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Рахметова Гүлмира Шамсутдинқызы хабарлама жасап, қабылданған шешімнің орындалу барысы туралы ақпарат берді.
Қалалық мәслихаттың құқық қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелерімен сұрақтар қойылып, толық жауаптар берілді.
Алдағы уақытта да депутаттық корпус қабылданған шешімдердің орындалуы бойынша мәселелерді тұрақты комиссияларда қарайтын болады.