Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін қала әкімінің орынбасары Қазбекова Мира Жомартқызының "Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалында қоғамдық қабылдауы өтті. Қабылдауда болған әрбір азаматтың сауалдары жеке тыңдалды.
Тұрғындар тарапынан көтерілген білім саласы және ономастика мәселелеріне қатысты сұраныстары қаралып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мира Жомартқызы көтерілген мәселелердің орындалуы партияның бақылауында болатындығы және осы секілді қоғамдық қабылдаулар енді кезекте тоқсан сайын өткізіліп отыратындығы туралы жеткізді. Әрине, халықтың басты сұранысы, мұң-мұқтажын анықтауда қоғамдық немесе жеке қабылдаулардың маңызы зор. 
Жалпы, қала әкімдігі тарапынан қала тұрғындарымен байланысты арттыру және барынша ашықтықты қамтамасыз ету бағытында қарқынды шаралар қабылданып келеді.
Мысалы, қала әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен кент және ауылдық округтерде арнайы сенім телефондары, қоғамдық кеңес, жеке қабылдау және бұдан бөлек қала әкімдігінің ресми веб-порталы, (Facebook, Вконтакте, Іnstagram) әлеуметтік желілерде арнайы парақшалар мен «Whatsapp» мессенджеріндегі «Open Kyzylorda» жобасы сәтті жұмыс жасап келеді.
18 шілде 2019 ж. 1 305 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?