"Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясындағы несиені субсидиялау талаптары
Өткен жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №820 қаулысымен «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасының талаптары бекітілгені белгілі.
Аталған бағдарлама аясында өңдеуші өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешеніндегі жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен 600 млрд. теңге бағытталды.
Атап айтсақ:
- Агроөнеркәсіп кешенінде өңдеу саласына – 100 млрд. теңге;
- Агроөнеркіп кешенінде өндіріс саласына – 100 млрд.теңге;
- Өңдеуші өнеркәсіп және қызметтерге – 400 млрд.
Бұл қаражаттар кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейлі банктер арқылы 15 пайызбен 7 жыл мерзімге ұсынылады. Жобалардың несиесінің пайыздық мөлшерлемесінің 7 пайызын мемлекеттік тарапынан субсидияланып, кәсіпкер тек 8 пайызын өтейді.
Агроөнеркәсіп кешені саласында несиелендірілген жобалардың 10 пайызы субсидияланады. Яғни, кәсіпкерлердің төлейтін пайыздық мөлшерлемесі 5 пайызды құрайды.
Бағдарлама шеңберінде субсидия беру тетігі келесідей:
1) Кәсіпкер Банкке қаржыландыру туралы өтінімімен келеді;
2) Банк жобаның қаржылық және экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді. Оң шешім қабылданған жағдайда, Банк Кәсіпкерге жобаны несиелендіруге дайын екендігі туралы жазбаша жауап береді.
3) Кәсіпкер «Даму» АҚ-на Кәсіпкердің өтініші формасы және құжаттар пакетін береді. «Даму» Қоры жобаларды агроөнеркәсіп кешенінде өңдеу, агроөнеркәсіп кешенінде өндіріс, өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету салалары бойынша іріктеуден өткізеді.
4) Агроөнеркәсіп кешенінде өңдеу, агроөнеркәсіп кешенінде өндіріс, өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету салалары бойынша жобалар сәйкес келген жағдайда, «Даму» АҚ жобаны қарау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмыс органына хабарлама мен құжаттарды жібереді.
5) «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салалық бағыттар үшін Банк, Кәсіпкер және «Даму» Қоры субсидиялау туралы үш жақты келісім жасайды.
10 млрд. теңгеден асатын жобаларға субсидия беру тетігі келесідей:
1) Агроөнеркәсіп кешенінде өңдеу, агроөнеркәсіп кешенінде өндіріс, өңдеу өнеркәсібі мен қызмет көрсету салалық бағыттары бойынша кәсіпкер банкке қаржыландыруды сұрап, өтінім беріп,субсидиялау тәртібінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
2) Жобаны банк мақұлдаған жағдайда тиісті құжаттар «Даму» қорына жолданады. Банктің несие комиссиясының шешімі аталған құжаттармен бірге жолданады.
3) «Даму» АҚ банктен келіп түскен құжаттардың Механизмге сай келу-келмеуін қарастырады. Сәйкес келген жағдайда тиісті орталық салалық уәкілетті органға салалық шешім беру үшін ұсынылады.
4) Салалық шешім тиісті органнан 10 (он) жұмыс күні ішінде келеді.
5) Агроөнеркәсіп кешенінде өндіріс жобалары бойынша салалық шешім келіп түкен соң «Даму» Қоры жұмысшы органға ескерту хат пен құжаттарды жолдайды. Агроөнеркәсіп кешенінде өңдеу, өңдеу өнеркәсібі мен қызметтер бойынша «Даму» Қоры субсидиялау туралы шешім қабылдайды.
Бұдан бөлек, қазіргі кезде бағдарлама шарттарына бірнеше өзгерістер енгізілуде:
1) Бизнеске түсетін несие ставкасының ауыртпалығы төмендетілуде, несие төлеу ставкасы бұрын 8% болса, енді 6% болады;
2) Жеңілдетілген несиелік кезең бекітілуде. Әсіресе жаңа кәсіпорын ашатын кәсіпкерлерге несие мерзімінің үштен бірі кезеңіне каникул беріледі;
3) Несиелендіру үшін қосымша 43 экономикалық қызмет түрі енгізілуде. Оның ішінде, тамақ өндіру бойынша - 10 қызмет түрі, Агроөнеркәсіптік Кешен бойынша – 11 және өңдеу өнеркәсібі бойынша - 22 қызмет. Нәтижесінде, бұрын 65 қызмет түрі болса, енді 108 қызмет түрі қамтылатын болады.
4) Экономикалық қызмет түріне тамақ, Агроөнеркәсіптік кешен және өңдеу өнеркәсібі қосылғандықтан «Агронесиелік корпорация» несие берушілер тізіміне енгізілуде.
Қатысушы банктер тізімі: АО «Народный банк Казахстана » Halyk Bank Kazakhstan, ДБ АО «Сбербанк Казахстан» Сбербанк Казахстан, АО «Банк ЦентрКредит» Банк ЦентрКредит, АО «Нурбанк» АО «Нурбанк», АО «BankRBK» JSC Bank RBK, АО «Евразийский банк» Eurasian Bank, АО «АТФ Банк» АТФБанк, АО «Fortebank» ForteBank, АО «First Heartland Jýsan Bank» Jýsan Bank.
Барлық сұрақтар бойынша "Даму" кәсіпкерлікті қолдау орталығы; колл-центр 408 немесе қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі; 87018173707; 87783282327 нөміріне қоңырау шалып қосымша ақпарат алуға болатындығын хабарлаймыз.