Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ШАРАЛАРМЕН ЖЕКЕ ТАНЫСТЫ

Демалыс және мереке күндері судағы жаппай демалу орындарында, маусымдық шомылу айдындарында және Сырдария өзені бойындағы қауіптің алдын алу үшін жедел құтқару жасағы үздіксіз қызмет көрсетуде және сала мамандарының қатысуымен тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
8 шілде күні суға шомылу кезеңінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридиновтың қатысуымен жалғасын тапты.
Шара барысында спирттік ішімдік ішіп суға түспекші болған азаматтар және ересектердің бақылауынсыз су жағасында жүрген балалар анықталып, қауіпті аумақтан шығарылды.
Осы ретте, қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов қала аумағында Сырдария өзенінің бойында суға шомылуға белгіленбеген жерлері мен демалыс жағажайларында су айдындарындағы қаупісіздікті күшейту бағытында қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторларына тиісті тапсырма жүктеді.

СОНДАЙ-АҚ, ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНА ДА СУ АЙДЫНДАРЫНДА СУҒА ШОМЫЛЫП ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН ТҮСІНДІРУ ҚАЖЕТТІГІ ЖӨНІНДЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ.
12 шілде 2019 ж. 945 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?