ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАНШАЛЫҚТЫ САҚТАП ЖҮРСІЗ?
ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАНШАЛЫҚТЫ САҚТАП ЖҮРСІЗ?
Маусымдық шомылу айдарлары мен Сырдария өзені бойындағы аумақтарында қауіптің алдын алу бойынша күнделікті кезекшілік ұйымдастырылып, тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Соның бірі үш күн қатарынан, 2,3,4 шілде күндері қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімі, қалалық және облыстық төтенше жағдайлар басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Шара барысында жеке меншік суға шомылу айдындарында қауіпсіздік және санитарлық талаптарының сақталуына көңіл бөлініп, демалушыларға қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірілді.
Қазіргі таңда, қала аумағындағы қауіпсіз суға түсу айдындары «Арай» мөлтек ауданы мен Белкөл кентінің маңында орналасқан.
-----
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауда Бірінші кезекте көңіл бөліңіз:
- алкогольдік масаңдықпен суға шомылмауға;
- жабдықталмаған орындарда суға түспеуге;
- жүзуге арналмаған құралдармен суда жүзбеуге;