ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ГРЭППЛИНГТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ПАНКРАТИОННАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ.
Бүгін қаламызда грэпплингтен азия чемпионатына іріктеу және панкратионнан ашық біріншілігінің ашылу салтанаты өтті.
Турнирдің ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Мира Қазбекова қатысып, спортшыларға әлемдік ареналарда еліміздің абыройын асқақтатып, даңқын тасытып, Әнұранымызды әуелетіп, көк байрағымызды көкке көтерулеріне тілектестігін білдірді.
Сыр өңірінің бас қаласы – Қызылорда қаласында қазақтың қанына сіңген қайсар қасиетінің, биік рух пен намыстың күшін ортаға салып, боз кілемде белдесу үшін облысымыздың Арал, Шиелі, Тереңөзек аудандары мен Байқоңыр қаласынан және Дар team, Қажымұқан спорт клубтары, Қайнар-бұлақ спорт кешені мен 6 спорт мектебінен барлығы 10 командада 150-ден аса спортшыларымыз бас қосты.
Сонымен қатар, өңірімізде осы саланы дамыту және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында салынған «Қажымұқан Мұңайтпасұлы» атындағы спорт клубы да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп, облысымыздың абыройын асқақтатып, белесті биіктерді бағындырып келеді.
Екі күнге созылатын жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілейміз!!!!