Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаевтың Елорда күні мерекесімен құттықтауы
Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаевтың Елорда күні мерекесімен құттықтауы
Құрметті Қызылордалықтар!
Баршаңызды Елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің бас қаласы – елдігіміздің нышаны, береке-бірлігіміздің ұйытқысы, абыройымыздың айғағы. Елорда күні - Тәуелсіздік күнінен кейінгі маңызы терең мерекенің бірі.
Бүгінде әлемдік деңгейдегі мәселелерді талқылайтын алаң, саяси және мәдени шаралардың ошағы, жаңашылдық пен жазампаздықтың озық орталығы – Нұр-Сұлтан, Елбасының еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, бабадан мұра кең байтақ қазақ жеріне деген махаббаты мен құрметінің туындысы.
Алаштың асқақ армандарының ақиқатқа айналып, қазақ ұлтының ұлы тұғыры саналатын Нұр-Сұлтан қаласы - біздің еліміздің мәуелі бүгіні, баянды болашағының бейнесі.
Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Елордамыз бүгінде Шығыс пен Батысты жақындастыратын, әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттерді қауыштыратын, бейбітшілік пен тұтастық идеясын тарататын орталыққа айналды.
Мұның барлығы да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Нұрлы жолмен Мәңгілік елді мақсат еткен бірлігі жарасқан, дархан пейілді, еңбекқор халқымыздың еңбегі!
Сұлу астанамыз қарыштап дами берсін! Халқымыздың жүрегі, еліміздің тірегі Елордамыз жасай берсін! Мереке қарсаңында әрбір отбасыға амандық, дендеріңізге саулық, бақ-береке тілеймін!
Құрметпен, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев