Сарып ауруынан қалай сақтануға болады?
Қазіргі таңда сарып ауруы кең таралған, аса кауіпті жұқпалы аурулар тобына жататын зоонозды ауру. Адамдарға ауылшаруашылық малдардан жұғатын сарып (бруцеллез) ауруы. Сарып ауруы негізінде қала тұрғындарына тән инфекция емес, бірақ жылдан жылға аурушаңдық шегарасы кеңейіп, бүгінгі күні қала және қалаға қарасты елді-мекендердің барлығында науқастар тіркелуде. Сарып адамдар мен ауылшаруашылық малдар арасында көпшілік қауымға әлеуметтік-экономикалық зор шығын әкелетін жұқпалы қатерлі ауру. Сарып ауруының зардабы: созылмалы түрі адамдарды жартылай немесе толық жарымжан етеді, адамды мүгедектікке ұшыратады: еркектерді белсіздікке соқтырып, ұрпақсыз қалдырады; әйелдердің аналық бездері, жатыры қабынып өздігінен түсік тастайды, бала туа алмайды, экономикалық шығын келтіреді.
Сарып сырқатын таратушы осы дертпен ауратын ауылшаруашылық малдары (қой, ешкі, сиыр, шошқа). Адамға сарып ауруы малды күткенде , әсіресе мал төлдеген уақытта , ауру малдың етін, сүтін тамаққа пайдаланғанда, терісі мен жүнін тазалағанда жұғады. Малдың сарыпқа шалдыққанын іш тастағанынан,шала туылған, шуының түспегенінен, қысыр қалғанынан, буындарының зақымдалғанынан білуге болады. Мал іш тастаған кезде немесе төлін өлі туғанда сарыптың қоздырғыштары сыртқа көптен бөлініп, топырақты, қи-қоқысты, жем-шөпті, айналадағы заттарды ластайды.Сарып қоздырғыштары сыртқы ортада ұзақ сақталады: қи,топырақта 70-110 күн, ағын суда 6-12 күн, ақпайтын көлде 10-18 күн, малдың қи қалдығында 1,5-3,0 ай, қайнамаған сүтте 10-18 күн,ірімшікте-72 күн, шұбат, қымызда -3 күн, тоңазытылған етте-320 күн,мал қораның қабырғаларында 3-5 айға дейін сақталады.
Бруцеллездан сақтанудың ең басты жолы қорадағы малды сарып ауруына тексерту.Жыл сайын ветеринария қызметі тарапынан ауылшаруашылық малдар арасында диагностикалық зертханалық тексеру жұмыстары жүргізіледі. Сол кезде малдарын жасырмай, мүмкіндігінше бар малбасын тексеру керек. Негізінде малды күтіп-бағу кезінде жеке бастың тазалығын сақтаудың маңызы зор. Малды сойған, жіліктеген, терісін сыдырған,жүнін қырыққан, қаракөл терілерін өңдеген кезде міндетті түрде арнайы киім (халат, комбинизон, резенке алжапқыш, қолғап,етік) киген жөн. Бұл киіммен үйге,асханаға кіруге болмайды.Оларды жуар алдында залалсыздандырған дұрыс. Малды күтіп, қораға барып келгеннен кейін міндетті түрде киіміңізді ауыстырып, қолыңызды мұқият жуыңыз. Барлық ет, сүт және олардан алынатын өнімдер: шұжық, қаймақ ,балмұздақ арнайы сату орындарында санитарлық-ветиринариялық тексеруден өткеннен кейін ғана пайдалануға жіберіледі.
Сарыппен ауырғанда адамның жалпы жағдайы нашарлайды, денесі дел сал болып ауырлайды, асқа тәбеті болмайды, басы ауырып, дене қызуы көтеріледі. Тершеңдік пайда болып, буындары сырқырайды.Індет негізінен буындар мен жүйке желісін зақымдайды. Аурудың алғашқы белгілері біліне салысымен уақытылы созбай дереу дәрігерге көрінгеніңіз дұрыс.
Ауырып ем іздегенше-ауырмайтын жол ізде.Өз деңсаулығыңыз өз қолыңызда.
Қызылорда қалалық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы
эпидемиологиялық қадағалау
бөлімі