Тырысқақ және оны алдын-алу жолдары
Тырысқақ- жедел ішек инфекциясы тобына жататын дерт. Ол адам ағзасының жалпы улануымен су, тұз алмасу процестерінің бұзылуы, ағзаның сусыздануымен сипатталатын ауру болып табылады. Жедел ішек ауруларымен салыстырғанда тырысқақ өте ауыр түрде және қысқа мерзімде үлкен аймаққа тарау қабілетіне байланысты аса қауіпті аурулар тобына жатады.
Тырысқақ қалай басталады? Тырысқақ-науқастың жедел ішінің өтуімен басталады. Содан соң адам лоқсып, құсып, ағза сусыздана бастайды. Қан қысымы төмендеп, қан тамырының соғуы әлсірейді. Іштің өтуі тәулігіне 5-15 мәртеге созылып, қоршаған ортаға қоздырғыштар көп мөлшерде бөліне бастайды. Аяқ-қол бұлшық еттерінің тартылуы байқалып, дауысы қарлығып, аузы құрғайды. Су, тұз алмасу процестерінің бұзылуына байланысты кіші дәрет тоқтап қалады. Егер науқас адамға тез арада дәрігерлік көмек көрсетілмесе ол адам мерт болады.
Тырысқақ қалай жұғады? Тырысқақтың жұғу жолдары- тырысқақ (холера) вибрионын тасымалдаушылармен тығыз қарым-қатынаста болғанда, науқас адамды күту кезінде, жеке бас гигиенасының сақталмауы, тырысқақ қоздырғыштарымен ластанған ашық су көздерінде шомылу, сол лас су көздерін ауыз су ретінде пайдалану жағдайларында, сондай-ақ тырысқақ қоздырғыштары мен ластанған тамақ өнімдерін пайдаланған кезде жұғады.
Алдын-алу жолдары: аурудың алдын-алу мақсатында жаз мезгілінде тексеріліп белгіленген жерлерге шомылып, көкөніс және жеміс-жидектерді таза суға жуып пайдаланған аса маңызды. Сондай-ақ жеке бас гигиенасын әсіресе балалар арасында қатаң сақтау қажет. Ауыз суды міндетті түрде қайнатып ішіңіз! Ас дайындау, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық айдындардың, арықтардың суын пайдаланбаңыз. Дайындаған тағамдарды ашық қалдырмаңыз. Жылдам бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта сақтаңыз. Үйдегі қоқысты уақытылы шығарыңыз. Ас ішер алдында, дәретханадан кейін қолдарыңызды сабындап жуыңыз. Тырысқақ белгілері білінісімен өздігіңізден емделмеңіз, антибиотиктерді ретсіз қабылдамаңыз!
Жедел түрде дәрігерге көрінгеніңіз жөн!