Жіті ішек инфекциясынан сақтанайық!
Жіті ішек инфекциясынан сақтанайық!
Жедел ішек инфекциялары- адам ағзасына микробтардың тамақ, су, кір қолдар, лас ыдыс және тұрмыс заттары арқылы түсуі нәтижесінде пайда болады. Ересектерге қарағанда балалар бұл ауруға жиірек ұшырайды. Ішек инфекцияларының белгілері: дене қызуының көтерілуі, бастың ауруы, әлсіздік, құсу, іштің өтуі, іштің ауруы. Бактериялық ішек инфекцияларының қоздырғыштары қайнатқанда қырылып қалады. Сол себептен аурудан сақтану үшін азық-түлік пен суды термикалық өңдеуден өткізу керек, сондай-ақ пісірілген тамақ 6 сағаттан артық тұрып қалса, оны да қайтадан қайнатуға, пісіруге тура келеді.
Ішек инфекцияларының қоздырғыштары төменгі температурада да өсіп-өніп көбейе алмайды. Осы себептен де тез бұзылатын тағам өнімдерін тоңазытқышта сақтаған жөн. Дегенмен, тоңазытқыщта сақтаған күннің өзінде оның сақтау мерзімін өткізіп алмаған дұрыс. Иісі мен дәмі өзгерген азық- түлікті тамаққа пайдалануға болмайды. Көкөністер мен жемістерді міндетті түрде ағынды сумен жуып, артынан ыстық сумен аптап алған жөн. Қолды, әсіресе әжетханаға барып келгеннен кейін, тамақ ішер алдында мұқият сабындап жуу қажет. Бұл айтылғандарды орындау қиын емес. Өзіңізге диагноз қоймаңыз, өзіңізді өзіңіз емдемеңіз, антибиотиктерді жөн-жосықсыз іше беру- зиян, ауруды асқындырып жібереді. Бұл аурудың белгілері қандай?
Олар:
-Іштің өтуі;
-Дене қызуының көтерілуі;
-Адам ішінің қатты бүріп ауруы;
-Үлкен дәретке жалқық пен қан, ірің араласуы.
Жұқпалы аурулардың осы белгілері білінісімен дереу дәрігерге көріну керек. Эпидемиологиялық тексеруде аурудың басты себептерінде үй жағдайында дайындалған тағамдармен (дұрыс сақталмаған тағамдар), бала күтімінің нашарлығымен және тамақтандырудың ерекше шарттарының сақталмауымен байланысты. Сонымен қатар, адамдар белгіленбеген сауда орындарынан, көшеде, тротуарларда, жерде сатылып жатқан түрлі пісірмелер (пирожки, котлет, әсіп, кондитерлік өнімдер), сұйық балмұздақ, сүт өнімдері, газды сусындар (морс, квас) пайдалана бастады. Ол өнімдердің жарамды мерзіміне, сапасына, сатушының жеке гигиеналық талаптарына ешкім мән беріп жатқан жоқ. Сондықтан өз бетіңмен емделуге болмайды, өйткені ауру асқынып, созылмалы түрге айналып кетеді, айналадағы адамдарға қауіп туғызуы мүмкін. Ауырып ем іздегенше- ауырмайтын жол ізде.
Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда!
Қызылорда қалалық тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау
басқармасы