Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

«ҰШҚЫР ҚАЛАМ» ИЕЛЕРІ АЛҒЫСҚА БӨЛЕНДІ

Жылдағы қалыптасқан игі дәстүрге сәйкес, қала әкімдігі тарапынан 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Айтулы шараның бастауы, БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан қала әкімінің кубогі үшін облыстық турнир ұйымдастырылып, 6 команда бақ сынасты. Бұл жылы жергілікті БАҚ өкілдерінен бөлек аудандық газет редакциясынан жасқаталған командалар да қатысты. Тартысты бәсекеде «Qyzylorda» телеарнасының командасы бас жүлдені жеңіп алса, ІІ орын «Жас тілшілер» командасына, ІІІ орын «Сыр Медиа» ЖШС командасына бұйырды. Үздік ойын көрсеткен БАҚ өкілдері «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы» номинацияларымен марапатталды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлық және арнайы кубок табысталды.

 Сөз, Қоғам және Ар жауапкершілігін арқалаған журналистер қауымына арнап «Сыр самалы» мейрамханасында «Ашық аспан» форматында мерекелік кеш ұйымдастырылып, қала әкімінің арнайы сыйлықтары табысталды.
 Мерекелік кешке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен республикалық басылымдар мен телеарналардың меншікті тілшілері қатысты.
 Мерекелік кештің тартуы ретінде еңбегімен ерекшеленіп жүрген бірқатар журналистер қауымы арнайы КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ ҮШІН «ҰШҚЫР ҚАЛАМ» номинациясымен және бұқаралық ақпарат құралдары саласының дамуына және өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін ақпараттандыруда қосқан сүбелі үлесі және абыройлы еңбегі үшін «Әлімсақ» журналының редакторы  Нұрмаханов Нұрлан Көбегенұлы, республикалық «Айқын» газетінің меншікті тілшісі Байназарова Миуа Қожасқызы, «Хабар» телеарнасының телеоператоры Тұрлыханов Әлхайдар Бегайдарұлы Қызылорда қаласының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Мерекелік кеште ұшқыр қаламымен қатар бойына сан өнерді серік еткен «Қызылорда ньюс» интернет газетінің тілшісі Омарова Фариза ән шырқаса, авторлық шығарма иелері "Халық" газетінің жауапты хатшысы Нұрбике Құдайбергенова мен "Ұстаз мәртебесі" газетінің тілшісі Айдар Сайлауов екеуі жырдан шашу шашты.
 Кеш барысында қала әкімінің орынбасары Мира Қазбекова: «Расында, БҰЛ МЕРЕКЕ – халықтың көзі әрі тілі саналатын бұқаралық ақпарат құралдарына, оның өкілдеріне замана сырын, уақыт шежіресін көркем сөзбен кестелеп, кәсіби шеберлікпен жеткізудегі ұшан-теңіз еңбекке берілген баға деп білеміз.
 Сондықтан, Сөз, Қоғам және Ар жауапкершілігін арқалаған журналистер қауымы - Сіздердің бұл еңбектеріңіз әркез жоғары құрметке лайық.
 Әрбір еңбектеріңіз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін!
Қалам қуатымен Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту жолында жемісті қызмет ете беріңіздер!» - деген ыстық ықыласпен, ақ тілегін жеткізді. Шара соңы Сыр елінің белгілі өнерпаздарының мерекелік концертіне және мерекелік сезімге толы керемет кешке ұласты.
29 маусым 2019 ж. 1 583 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?