Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА "АРЫСПЕН БІРГЕ" АКЦИЯСЫ ӨТТІ..

Баршамызға белгілі, 2019 жылдың 24 маусымы күні Түркістан облысы, Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында шыққан өрт соңы жойқын жарылыстарға ұласып, жергілікті халықтың ғана емес тұтас ел аумағының үрейін алған болатын.
Бұл оқиғаға Сыр жұртшылығы да бейжай қарап қалмай, арнайы автокеруен жасақталып, гуманитарлық көмек жіберілді. Арыстағы ағайындардың көңіліне демеу болмақ ниетпен Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен ұжымдар қызметкерлері 1 күндік жалақысын аударуға ниет білдіруде.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен бүгін қалалық Б.Шөкенов атындағы саябақта Арыс қаласындағы зардап шеккен жандарға қаржылай қолдау көрсету мақсатында акция өтті. Игі шараға қалалық әкімдіктің қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, қала жастары мен белсенділері, өнерпаздар мен кəсіподақтар және т.б қаланың 1000-ға жуық жанашыр азаматтары қатысып, арнайы қойылған қайырымдылық жәшіктеріне қолдан келгенше көмек қолын созып, елдіктің үлгісін танытты!
Қызылорда қаласының баспасөз қызметі 
25 маусым 2019 ж. 1 152 0

Күнтізбе

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?