ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР #АРЫСПЕНБІРГЕ
Бүгінгі, Арыс қаласында орын алған төтенше және апатты жағдай елімізді дүр сілкінтті.
Мемлекет басшысының жедел тапсырмасына сәйкес, бірінші кезекте апат салдарынан зардап шеккен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар жағдайлар жасалуда. Осы оқыс оқиғаға байланысты БІЗДІҢ ӨҢІРІМІЗДЕ ДЕ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ. Орын алған жағдайға байланысты Арыс қаласы арқылы өтетін көлік қатынасының, әсіресе темір жол қозғалысының қиындауына байланысты Қызылорда қаласындағы темір жол Вокзалында жолаушыларға жан-жақты қолдау шаралары ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, 24 маусым түскі сағат 13:24-те келген №008 «Саратов-Алматы» (барлығы 598 жолаушы. Оның ішінде: 443-і ересек адам, 117-сі балалар) және сағат 17:09-да келген №34 «Ақтөбе-Алматы» (барлығы 527 жолаушы. Оның ішінде: 438-і ересек адам, 89-ы балалар) пойыздары тоқтатылды.
2 пойыздың да барлық жолаушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, қажет болған жағдайда медицина қызметіне жүгінуге барынша жағдай жасалды. Сонымен қатар, Түркістан және Шымкент қалалары бағытында жолға шыққан жолаушылар үшін арнайы көлік қатынасы ұйымдастырылып, 5 автобуспен жөнелтілді. Қалған жолаушылар, «Саратов-Алматы» және «Ақтөбе-Алматы» бағытындағы пойыздар арқылы Түркістан қаласына дейін сапарларын жалғастырды.
Айта кету керек, бүгіннен бастап Қызылорда қаласындағы бірқатар қоғамдық және жастар ұйымдары, белсенділер Арыстықтарға қолдау көрсету мақсатында көмек көрсету пунктін ашып, 24 сағат үзіліссіз жұмыс жасауда.
Сыр жұртшылығының атынан осы және басқа да ауқымды қайрымдылық көмектің бірінші легі ертең жөнелтіледі.