Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

"СЫБАҒА" БАҒДАРЛАМАСЫ - МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

СЫБАҒА БАҒДАРЛАМАСЫ - МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТЕТІГІ

Мемлекет басшысының мал шаруашылығын жандандыру, еңбек өнімділігін арттыру және қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық көлемін бес жыл ішінде 2,5 есеге арттыру бойынша тапсырмасына сәйкес қаламызда бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. 

Бүгін қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария, қалалық ішкі саясат бөлімі мамандары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қосышыңырау ауылдық  округі, 800 бас елді мекенінде «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында төмендетілген несие алып, жергілікті малдың тұқымын ет бағытында асылдандырумен, бордақылаумен айналысып отырған бірнеше шаруа қожалықтары жұмысымен танысу жүргізілді.
Ет бағытындағы мүйізді ірі қара малының экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында қабылданған "Сыбаға" бағдарламасы - ауылдағы мал өсіріп отырған, оның басын көбейте түсем деушілерге берілген зор мүмкіндік. Ол шаруашылықтардағы, жеке мал иелеріндегі жергілікті малдың тұқымын ет бағытында асылдандыру арқылы мүйізді ірі қара малының ет өнімділігін арттырып, еттің өзіндік құнын арзандатуды, мал басын өсіріп, мал шаруашылығы саласында қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейді.  "Сыбаға" бағдарламасы аясында берілетін несиенің үстеме пайызы төмен, қайтару  мерзімі ұзақ. Бұл несие тек қана мал шаруашылығымен айналысатын, оның ішінде етті бағыттағы ірі қара өсіруші жеке кәсіпкерге, шаруа қожалығына, фермерлік шаруашылыққа және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге берілуде.
 
Бағдарлама шарттарына сәйкес, несиелер асыл тұқымды ірі қара мал басы мен ұсақ мүйізді мал басын сатып алуға, негізгі құралдарды сатып алуға және айналымдық қаражатты толықтыруға беріледі. Яғни, малмен қатар, фермерлер машина-трактор паркін жаңартып, қажетті жабдықтарды, мал азығын сатып алуға мүмкіндік алады.

Мемлекет тарапынан қолдаудың тиімді бір тетігі - шаруашылықтарға бұқаларды бордақылау алаңына тапсырған кезде тірі салмағының әр килограммына 200 теңгеден субсидия төленеді.

"Сыбаға" бағдарламасының тағы бір ерекшелігі - кепілдікке несие қаржысына сатып алынатын ірі қара мал алынады(кепілдік соммасының 75%-на дейін).
24 маусым 2019 ж. 1 646 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?