Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ӘР АЗАМАТ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН БІЛУІ ҚАЖЕТ

18 маусым күні Қызылорда қаласының аумағындағы суға түсуге қауіпті деп белгіленген су айдындарында қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мен қалалық ішкі саясат бөлімі, БАҚ өкілдерінің қатысуымен көл жағасында демалушылар арасында қауіпсіздік сақтау шаралары жүргізілді.
Шара барысында спирттік ішімдік ішіп суға түспекші болған үш азамат және ересектердің бақылауынсыз су жағасында жүрген балалар анықталып, қауіпті аумақтан шығарылды. ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫ БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІН ТҮСІНДІРДІ.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қалалардағы шомылатын орындарда кезекшілік ұйымдастырылып, ескерту тақтайшалары ілінген. Тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Қазіргі таңда, қала аумағындағы қауіпсіз суға түсу айдындары «Арай» мөлтек ауданы мен Белкөл кентінің маңында орналасқан.
20 маусым 2019 ж. 950 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?