ҚАЛА ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІНЕ САЙ, ҚАЛАНЫҢ БІРҚАТАР МӨЛТЕК АУДАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Өздеріңізге белгілі, әр айдың соңғы бейсенбісі күні шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев халықпен тығыз байланыс орнату және барынша ашықтықты қамтамасыз ету бағытында қоғамдық қабылдаулар өткізуде.
Азаматтардан келіп түскен өтініштердің ішінде шешімін тапқандар да аз емес.
30 мамыр күні өткен кезекті қоғамдық қабылдауда қала әкімі 200-ге жуық тұрғынның жеке мәселерін тыңдап, әр мәселе бойынша жеке танысып, бақылауда ұстайтындығын жеткізген болатын.
Маусым айының басында қала әкімі тұрғындарға берген уәдесіне сай, қабылдауында болған азаматтардың өтініштерімен жеке танысу мақсатында бірқатар нысандарды аралаған болатын.
Бүгін, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы азаматтардың өтініштеріне сай, қаланың бірқатар мөлтек аудандарын аралады.
Ең алдымен қала әкімі қаладағы "Арай-Шұғыла", "КБИ" мөлтек аудандарының тұрғындарымен кездесіп, халықтың басты сұраныстарын тыңдап, жедел шешілуі тиіс шаруаларды жауапты сала басшыларына тапсырды.
Мәселен, "Арай-Шұғыла" мөлтек ауданындағы қоғамдық көлік, ауыз-су мәселесін жедел түрде шешіп, тұрғындардың алғысын алды.
Жалпы, кездесу барысында қоғамдық көліктің қатынауы,ауыз су, электр жарығы және көше жөндеу мәселелері талқыланды.