Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

СЫР ЕЛІНДЕ ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

СЫР ЕЛІНДЕ ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ ӨТТІ
2019 жылдың 12 маусымы күні қаламыздағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебінің түлектеріне қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың аттестат табыстау рәсімі өтті.
Осындай қуанышты күнді бөлісіп, өзінің ыстық лебізін білдіру үшін қала әкімі Н.Нәлібаев арнайы келді.
Аталған білім ошағы 1919 жылы құрылып, 1969 жылдан бастап ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №2 мектеп атауына ие болған.
Бүгінде ғасырлық тарихы бар бұл білім ордасында 100-ге жуық оқушы мектеп бітіруші түлек. Мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша  оның 8-і «Алтын белгі» және 10-ы «Үздік аттестат» иегері.
Мектеп интербелсенді тақталармен, заманауи техникамен жарақтандырылған. Сонымен қатар, ноутбуктармен жабдықталған лингофонды-мультимедиялық кабинет  бар.
Биыл Қызылорда қаласы бойынша мектепті 1 мың 725 оқушы бітіріп, 1 мың 315 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынамақ. 121 оқушы «Алтын белгіге» және 101 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер.
Сонымен қатар, 92 бітіруші халықаралық және республикалық жоғарғы оқу орындарының грант иегерлері.
Қазіргі таңда кемел білім мен ғылымды басты бағдар еткен елімізде, әр азаматтың білім алып, қалыптасуына қажетті барлық жағдай жасалған.
Соның нақты көрінісі, бүгінде қала мектептерінің материалдық -техникалық базасын нығайту, білім беру сапасын арттыру, жаңа технологияларды енгізу бағытында ауқымды жұмыстар жасалуда. 
13 маусым 2019 ж. 1 610 0

Күнтізбе

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?