Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
 2019 жылғы 1 маусымда қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаланың кішкентай тұрғындарын 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.
 "Сіздер - біздің болашағымыз, бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанатысыздар.
 Бүгін сіздердің құрметтеріңізге орай қалалық саябақтағы барлық аттракциондар және қоғамдық көлік тасымалы тегін қызмет көрсететін болады.
 Біз үшін, бұл өмірде Сіздердің балғын жүздеріңізден нұр шашып, бар ықыласымен риза болғандарыңызды көруден асқан бақыт жоқ,"- деп қала басшысы Нұрлыбек Нәлібаев бүлдіршіндірге өзінің ыстық ықыласын жеткізді.
 Қазіргі таңда қаламызда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен 240 балабақша жұмыс жасауда.
 Қызылорда қаласы бойынша балабақша кезегінде тұрған 21 мыңға жуық 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің барлығы 100% балабақшамен қамтылған.
 Қазіргі таңда елімізде ақпараттық қоғамның қалыптасуына орай, қаламыздағы «Алтын ұя», «Алпамыс», «Бегім Ана» балабақшаларында  тағы бір жаңаша бастама қолға алынып, жас робототехника кабинеттері ашылды.
 Сондай-ақ, бірқатар балабақшалар да кезең кезеңімен ақпараттық коммуникативтік технологиясымен жабдықталуда.
 Сонымен қатар «2016-2020 жылдарда Қызылорда қаласының аумағын дамыту» бағдарламасы аясында 46 инклюзивті топтарды  ұйымдастырылды.
 Қалалық демалыс паркінде өткен бұл мереке балғын бүлдіршіндерге үлкен қуаныш сыйлады. Мерекенің шырайын келтірген сайқымазақтар мен ертегі кейіпкерлері балаларға қызықты ойындар ойнатты. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шара барысында аттракциондар балаларға тегін қызмет көрсетіп, бүлдіршіндерге тегін 1000 дана балмұздақ пен тәтті шырын үлестірілді. 
01 маусым 2019 ж. 1 429 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?