Бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні...
Бүгін "Ызғарлы жылдар жаңғырығы" атты 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митинг өтті.
Митинг арнайы дайындалған «Зауал мен қасірет» атты прологпен басталып, сыр жұртшылығы атынан саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап облыс әкімінің тағзым гүлі қойылды. Содан соң облыстың бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы құрбандар рухына құран бағыштап, бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Шараны алғашқы боп сөз алған облыс әкімі Қ. Көшербаев қазақ тарихында миллиондаған талай жанның өмірін қиған бірқатар қайғылы оқиғалар орын алғанын атап өтіп, «Голощекиндік зұлмат пен ұлт зиялыларына жасалған репрессияның қазақ халқына алып келген шығыны әлем тарихында гитлершілдердің Европадағы еврейлерге жасаған сойқанымен пара-пар келіп, Кампучиядағы «Қызыл кхмерлер» зардабынан асып түсті. Бұл зұлмат ХХ ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстың бірі болып саналады» - деді аймақ басшысы. Келесі боп сөз сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев бұндай зардаптың, ұлтқа жасалған қастандықтың халқымызға қайта айналып соқпауын тілесе, корей этномәдени орталығының мүшесі, депортация құрбанының ұрпағы В. Пак қиын шақтарда сырттан ауып келген қанша ұлттың жанына жалау болған қазақ халқына, әсіресе Сыр жұртшылығына үлкен алғыс айтатынын жеткізіп, көпшілікті тату-тәтті, бірлікте күн кешуге шақырды.
Содан соң құрбандар рухына тағзым ете келген жалпы көпшілік ескерткішке гүл шоқтарын қойды.