ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ӨТТІ

Өркениет жолында әлемдік дамудың биік белесіне көтерілу үшін білім мен біліктің орны қашан да ерекше.
Қызылорда қаласында өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын дамыту, жастардың ғылымға деген ынтасын арттыру мақсатында қала әкімінің тікелей қолдауымен жыл сайын дәстүрге айналған «Жас математиктер» байқауы биылғы жылы халықаралық деңгейде ұйымдастырылды.
2019 жылдың 13-15 мамыр аралығында еліміз бойынша тұңғыш рет Қызылорда қаласында өткізілген жас математика пәні мұғалімдері арасындағы білім додасына Қазақстан Республикасының барлық аймақтары мен көршілес Қырғызстан, Өзбекстан республикаларынан 18 бен 35 жас аралығындағы жас математиктер қатысты.
ТМД елдері арасында алғашқы рет ұйымдастырылып отырған бұл байқауға 800-ден астам үміткерден өтінім тіркеліп, ең мықты деп іріктеліп алынған 100 қатысушы байқауда бақ сынасты.
Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған шара болғандықтан қатысушылар құрамын сапалы іріктеу және тапсырмаларды жоғары дәрежелі мамандардың қатысуымен әзірлеу үшін «Математика пәні мұғалімдерінің Қазақстандық қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп алдын ала тиісті жұмыстар жүргізілді.
Байқаудың комиссия құрамына еліміздегі және көршілес елдердің ең мықты деген мамандары тартылды.
Олар:
Исмаилов Шухрат Норалиевич - Низами атындағы Ташкент мемлекеттiк педагогика университетінің математика және оны оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты.
Жук Владимир Васильевич - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, РФ Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Ибатулин Ибрагим Жоржевич - Математика мұғалімдерінің Мәскеу шығармашылық конкурсының үш дүркін жеңімпазы, ҚР БҒМ «2013 жылдың үздік педагогы», Астана РФММ олимпиадалық резерв үйлестірушісі.
Скаков Маргулан Кызайбаевич - «Республикалық физика-математика мектебі» КЕАҚ жоғары санатты математика мұғалімі, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» Республикалық математикалық конкурсының қазылар алқасының мүшесі.
Нагашбекова Анар Турсынбековна - КЕАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» «Педагог-шебер» біліктілігі бойынша математика мұғалімі, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» Республикалық математикалық конкурсының қазылар алқасының мүшесі, «Үздік мұғалім» VI Республикалық қоғамдық конкурсының жеңімпазы.
Мәуіт Ырсбек– математика ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының үш рет иегері, жоғары дәрежелі оқытушы, «Зерделі» интеллект дамыту орталығының директоры.
Бұған дейін Қызылорда қаласы әкімінің Академик «А.Жұмаділдаев» атындағы жас математиктерге арнаған жүлдесі (2014 жылдан бастау алып) 5 жыл көлемінде үздіксіз ұйымдастырылып, жыл сайын жетістіктерімен дараланған 10 жасқа 100 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы ретінде үлестіріліп келді.
Тікелей жас математиктерге арналған осындай игілікті шараның басқа аймақтарда жоқ екендігін және тек Қызылорда қаласының жастары үшін ғана емес барша еліміздің жастарын қатыстыруға мүмкіндік жасау туралы А. Жұмаділдаевтың ұсынысын қабыл алған қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Жастар жылы аясында халықаралық олимпиада деңгейіне көтеру туралы шешім қабылдаған.
Сол арқылы, жыл сайын байқауды ұйымдастыруға бөлінетін қаржы көлемі 1 млн. 700 мың теңгеден - 10 млн. теңгеге ұлғайтылды.
Халықаралық олимпиада барысында басқа аймақтардан келген жастар мәдени-көпшілік шараларға қатысып, қаланың тарихи және әсем жерлеріне экскурсия жасады және қала әкімінің қонақтарға арнайы ұйымдастырған салтанатты дастарханының қонағы болды.
Сонымен қатар, байқау бағдарламасына сәйкес Академик А.С. Жұмаділдаев пен «Математика пәні мұғалімдерінің Қазақстандық қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті К.Б.Мақышев Қызылорда қаласындағы оқу орындарының студентері мен мектептердегі математика пәні мұғалімдеріне арналған ғылыми дәріс өткізді. Оған 300-ден аса жас математиктер қатысты.
15 мамыр күні олимпиада қорытындысымен А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Халықаралық олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі өткізілді. Салтанатты шара барша қазаққа аты машһүр, мақтан тұлға физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, ҚР мемлекеттік және халықаралық Гумбольд сыйлықтарының иегері – Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевтың бала кезін бейнелейтін театрландырылған көріністен басталып, жергілікті өнерпаздар барша қонақтарға Сыр елінің төл өнерін тарту етті.
Салтанатты шарада айтулы доданың жеңімпаздары жарияланып, басты ұтыс 1 млн. теңге қаржылай сыйлықты алматылық Айтмухамет Даурен Айтмухаметұлы ие болды.
ІІ орын иегерлері алматылық Конаныхин Алексей Михайлович пен Нұр-Сұлтан қаласынан келген Кабасов Бағдат Берікұлы 700 мың теңгеге, ІІІ орын иегерлері Алматы қаласынан Әлжан Асқар мен Ақтөбе қаласынан Кулболдин Данияр Нұрланұлы 500 мың теңгеге ие болды.
Алғашқы рет ұйымдастырылып отырған халықаралық олимпиадаға қатысушылар бұл байқауды жыл сайын дәстүрге айналдыру қажеттігін айтып, шараның ұйымдастырылуы мен ерекше форматына ризашылықтарын білдірді.