Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

ҚАЛАДАҒЫ ДҮКЕНДЕР МЕН КӨҢІЛ КӨТЕРУ ОРЫНДАРЫНА АРНАЙЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШОЛУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгінгі таңда, құқық қорғау органдарымен криминогендік жағдайға жасалған талдау бойынша қала аумағындағы көңіл көтеру орындарында қауіпсіздік жағдайлары тиісті дәрежеде сақталмау салдарынан, түрлі құқық бұзушылықтар орын алуда. Оның ішінде кісі  өлтіру, адамның денсаулығына ауыр дене жарақатын салу. Жекелеген жағдайда жасөспірімдерде бар. 
            Сондай-ақ қылмыстардың басым бөлігі масаң күйде жасалып отырғандығы анықталып отыр.
            Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» №429 заңының 9-бабы, 4-бөлігінде – бөлшек саудада мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін, этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін өткізуге тыйым салынады.  Осы баптың 3 бөлігінде – алкоголь өнімін тиісті лицензиясы болмаса, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерде жыл сайынғы лицензиялық алым төленбесе сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
            Бұл талаптарды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 200 бабында жауаптылық көзделген. 
            Осы орайда, 22 мамыр күні құқық бұзушылық профилактикасын түзеу мақсатында, қаламызда орналасқан дүкендерге, көңіл көтеру орындарына (мейрамхана мен кафе барлар, түнгі клубтарға) арнайы шолу жүргізіп, нысан басшылары мен қызметшілеріне қолданыстағы заң  талаптары бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
           Бұл іс-шараны жүргізу барысында көңіл көтеру орындарының ғимаратына (іргелес аумағына) бейне бақылау камераларын орнатып, металл іздеу құрылғысымен (металлоискатель) қамту және құрылғылардың істен шығуына жол бермей қатаң бақылауға алуды, сондай-ақ күзет қызметі жұмыстарының күшейтілуін қамтамасыз ету туралы ескертілді. Бұған қоса, тыйым салынған уақытта және 21 жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін сатылмау қажеттілігі түсіндіріліп өтті.             Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

23 мамыр 2019 ж. 1 285 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?