Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

"МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2019"
 МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

 Бүгін А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша марапаттау салтанаты ұйымдастырылды. 
 «Мерейлі отбасы» - ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, ұлтымыздың ұлы қасиеттерін әйгілейтін, адамгершілік, отбасы ішіндегі руханилықты дамытатын аса жоғары деңгейдегі байқауға айналып үлгерді.
 Ұлттық конкурстың жыл өткен сайын ролінің артуы оларға қатысушы отбасылар санының қала деңгейінен байқалады. Биылдың өзінде аталмыш байқауға 13 отбасы үміткер ретінде құжат тапсырса, олардың ішінен арнайы құрылған комиссияның шешімімен 5 отбасы іріктеліп алынды.
 Нәтижесінде 3 отбасы жүлделі орынды иемденіп, 2 отбасы номинация иегерлері атанды.
  І дәрежелі дипломмен Достыбаевтар отбасы;
 ІІ дәрежелі дипломмен  Беркімбаевтар отбасы;
  ІІІ дәрежелі дипломмен Жаназаровтар отбасы;
  «Қамқор отбасы» номинациясымен Малбағаровтар отбасы;
  «Өнегелі отбасы» номинациясымен Айтбаевтар отбасы марапатталды.  

22 мамыр 2019 ж. 1 645 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?