Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Жас математиктерге арналған ғылыми дәріс өтті

14 мамыр күні Студенттер сарайында І Халықаралық жас математика пәні мұғалімдері арасындағы олипиадаға ТМД елдерінен келген байқау қатысушылары мен  жас мамандарға арналған Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА академигі Асқар Жұмаділдаев пен «Математика пәні мұғалімдерінің Қазақстандық қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті К.Б.Мақышевтың жас математиктерге арналған ғылыми дәріс өткізді. Оған Қызылорда қаласының 300-дей жас математиктері қатысты. 
Академик лекция барысында  ғылымды өрістетуде жастардың қызығушылығын аттыру бірінші орында болуына аса мән беру керектігін айтты. Яғни, жас ұрпақтың келешегі үшін жаратылыстану ғылымын тереңдетіп оқыту, сол арқылы жаңа технологияны жан-жақты меңгеріп, ғылыми жетістіктерге қол жеткізу қажеттігін, "Жас математиктер" байқауының негізгі ұстанымы осы екенін.Жиын барысында академик А. Жұмаділдаевпен жас математика пәні мұғалімдері пікір алмасып, шара соңында қолтаңба қалдырып, естелік суретке түсті.
16 мамыр 2019 ж. 1 463 0

Күнтізбе

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?