ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ЕТ КОМБИНАТЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
Бүгін Қызылорда қаласында халықаралық стандартарға сәйкес келетін ірі жоба «Сыр Маржаны» серіктестігінің ет комбинаты құрылысының алғашқы іргетасын қалау рәсімі өтті.
Облыста өндірілген еттерді экспортқа шығару мақсатында халықаралық стандартқа сай ет комбинаты болуының маңызы зор.

Жобаның іске қосылу барысында 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады және ет комбинаты базасынан келешекте ет-сүйек ұнын өндіретін, балық жемін шығаратын және тері өңдейтін цехтар ашу жоспарлануда.

Осы жобаның іске асуының арқасында облыста ет, ет өнімдерінің экспорттық әлеуеті артып, 2019 жылы жалпы ет өндірісі 19,0%-ға өседі деп күтілуде.