Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

Белкөл кентінде "Тағзым алаңының" салтанатты ашылу рәсімі өтті

Қала әкімі Н.Нәлібаев Белкөл кентіндегі "Тағзым алаңының" салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, кент тұрғындарын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.
“Соғыс” атты суық сөздiң аты өшiп, бейбiтшiлiкте баянды ғұмыр кешiп жатқанымызға мiне, 74 жыл толып отыр.
“Ел басына күн туып, ер етiгiмен қан кешкен” сол бiр сұрапыл жылдарда мыңдаған қазақстандық майданда кеудесiн от пен оққа төсеп, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсiздiгiн қорғады. Облысымыздан қан майданға 70 мың жерлестеріміз қатысып, 21-і Кеңес одағының батыры атағын алған.
 Мерейлі мереке қарсаңында Белкөл кентіндегі «Тағзым алаңына» қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, қайта жаңғыртылды.
 Бүгінгі бейбіт өмір мен игі жетістіктер - қан майданда жан беріп, теңдесіз ерліктің үлгісін көрсеткен ардагер ата-әкелердің арқасы.
 Бұл өшпейтін тарих! Жылдар жылжыған сайын заңғар тартып, даңқы асқақтай беретін ұлы жеңіс мерекесі!
 #9мамыр #ҰлыЖеңіскүні #Қызылорда #ЕшкімҰмытылмайды #ЕшнәрсеҰмытылмайды
08 мамыр 2019 ж. 1 624 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?