ҚАЛАЛЫҚ ДЕМАЛЫС ПАРКІНІҢ МАУСЫМДЫҚ АШЫЛУЫ ӨТТІ
1 мамыр - татулық пен келісімнің нышанына айналған Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күні қарсаңында жылдағы дәстүрге сәйкес қала тұрғындары мен қонақтарына арналған әсем де жайлы демалыс орындарының бірі қалалық демалыс паркінің маусымдық ашылуы ұйымдастырылды.
Қалалық демалыс паркінің ашылуына орай, қайта жандану жұмыстары аясында ертегі кейіпкерлері мүсіндері қайта қалпына келтіріліп, көптеген ағаш көшеттері отырғызылып, отбасылық және балаларға арналған жаңа аттракциондар мен ойын автоматтары орналастырылды.
Қазіргі таңда қалалық демалыс паркінде 100-ден аса түрлі ойын-сауық құрылғылары мен аттракциондар демалушыларға қызмет көрсетуге дайын.
Айта кететін жәйт, қаламыздың ірі жеке кәсіпкерлері көмегімен парк аумағында жабық ғимараты бар шағын-футбол алаңының құрылысы жүргізіліп, арнайы автотұрақ салынып, жақынарада пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.







