Рухани Жаңғыру
Бізге 200 жыл!
Сыр - Алаштың анасы
Туған күніңмен, Қызылорда!
Сыр елім - Жыр елім Қызылорда
Сыр сұлуы - Қызылордам

БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан астам ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеліп, Еліміздің барлық өңірлерінде тойланады. Мақсаты - ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Айрықша маңызға ие бұл мерекені Қызылорда қаласының халқы да жоғары деңгейде атап өтті.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Татулық тірегі – Сыр елі!» атты мерекені ашып берген облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақов барша қызылордалықтарды құттықтап, егемен еліміздің ертеңі үшін ынтымақ пен бірлікте болуға шақырды. 
«Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар, көпшілік сахнадағы бишілер, жекелеген би ансамбльдері, Сыр еліне белгілі өнерпаздар, «Сыр сандуғаштары» және «Көңілді ноталар» вокалды бүлдіршіндер тобы күннің суығына қарамастан ән айтып, би билеп, халықтың көңіл-күйін көтеруде аянып қалмады. 
Шараның өз дәрежесінде өтіп, мереке ажарын келтіруге өз үлесін қосқан тағы бір өнер ұжымын айрықша атап өткен жөн. 2018 жыл Қазақстанда Өзбекстан жылы деп жарияланса, биыл Өзбекстандағы Қазақстан жылы. Екі ел арасындағы достықтың нышаны ретінде «OSYO» өнер ұжымы Өзбекстаннан арнайы келіп өнер көрсетіп, халық ықыласына бөленді.
Жалпыхалықтық мерекеге жиналған жұртшылық достық пен ынтымақ, бірлік құшағындағы тәуелсіз Қазақстан халқының іргесі сөгілмесін деген тілекте тарқасты.
01 мамыр 2019 ж. 1 936 0

Күнтізбе

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сауалнама

Сайттың жұмысын қалай бағалайсыз?